Діни бірлестіктер өкілдерімен кездесу өтті

Просмотров: 11

Қалада діни бірлестіктердің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі бағыттары мен оның қоғам үшін маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.

Жиын барысында алдағы референдумның мәні мен маңызына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің елдің дамуына, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға бағытталғаны айтылды.

Кездесуге қатысқан діни бірлестіктердің өкілдері өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Ашық форматта өткен диалог барысында ұсынылған өзгерістердің мәні талқыланып, пікір алмасу өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және алдағы референдум туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған