Доллар бағамы төмендеді

Просмотров: 111

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы  

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,98 теңгеге төмендеп, 441,64 теңге болды. Доллардың 30 сәуір мен 3 мамыр аралығындағы ресми бағамы – 446,38 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы – 443,15 теңге, ал сатылым – 446,25 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 440,44 теңгеден сатып алады, 444,50 теңгеден сатады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған