Еңбек ұжымымен жаңа Конституция жобасы талқыланды

Просмотров: 12

Қалалық коалиция мүшелері НПП «Интеррин» ЖШС еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Іс-шара барысында ұсынылып отырған өзгерістердің мәні, олардың әлеуметтік және құқықтық маңызы кеңінен түсіндірілді. Спикерлер конституциялық реформалардың елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Жиын еңбек ұжымының реформаларға деген қызығушылығын көрсетіп, қоғамдық диалогты нығайтуға мүмкіндік берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған