Ең қымбат баспана жайлы білесіз бе?
Үндістандық ең бай адам, 53 жастағы миллиардер Мукеш Амбани осыдан бірнеше жыл бұрын 1 миллиард доллар қаражат сарп етіп, зәулім үй тұрғызған.
Осыдан 8 жылғы санаққа сәйкес, ол «әлемдегі ең қымбат үй» деп танылған. Үйде бірнеше бассейн, йогамен айналысатын және қар жауып тұратын арнайы бөлмелер бар. Себебі, Мумбайдың шыжыған күнінде тыныстаудың өзі қиын көрінеді. Бір жағы Мумбайға, бір жағы теңізге қарап тұрған үйдің тамаша әсерге бөлері анық. Көптеген сервистері бар үйге 600-ге жуық адам қызмет көрсетеді екен. Алайда, 65% тұрғыны кедей өмір сүретін қалада мұндай үй тұрғызу ерсі болып көрінері анық. 27 қабаттан тұратын үй тәулігіне 24 сағат күзетіліп, оны толық жуып шығуға және салығына да қыруар қаржы кетеді-мыс. Оның үстіне, «аса үлкен емес отбасыға осыншама үлкен әрі қымбат үй неге керек?» деуіңіз де мүмкін.
«Есітпеген елде көп» демекші, бұл әлемдегі қымбат үйлердің біреуі ғана.
Жәлел ШАЛҚАР.