Egov.kz-те жаңа қызмет пайда болды

Просмотров: 14

eGov.kz порталында жаңа қызмет пайда болды. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» баспасөз қызметі хабарлады, – деп хабарлайды 247media.kz

«Енді 18 жастан асқан, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың қорғаншылары өздерінің қамқорлығындағы тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша eGov.kz порталы арқылы тіркей алады. Бұған дейін бұл қызмет тек халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімшелерінде офлайн режимде көрсетілетін», – делінген хабарламада.

Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Азаматтық, миграция және иммиграция» бөлімін таңдау керек;
  • «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» бөлімінде «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу» бөлімін таңдау қажет;
  • қажетті деректерді толтырып, өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Қызметтің нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде, «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.

Өтінімді өңдеудің жай-күйі туралы хабарлама мемлекеттік орган белгілеген уақыт ішінде түседі.Көрсетілетін қызметтің жаңартылған функционалы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған