Экономистер: АЭС – экономикалық өсімді қаматамасыз етуге қажетті ресурс
Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институтында «Қазақстандағы атом энергетикасы: сараптамалық пікірлер мен стратегиялық шешімдер» тақырыбында өткен жиында айтылды.
Бас қосқандар АЭС-тің әлем экономикасына тигізіп жатқан пайдасы туралы сөз қозғады, деп жазады qazaqstan.tv.
Сонымен бірге атом энергиясын пайдаланудың ұзақ мерзімді перспективаларына қатысты негізгі аспектілерді талқылады.
«Бұл саланың басқа салаларға мультипликативті әсері 3-тен кем емес екен. Жаңағы мультипликативтік эффект деп жатқанымыз, яғни барлық салаға өзінің әсерін тигізіп, энергетика саласымен қоса салалар дамиды деген сөзі. Ғылым дамиды, жаңа жұмыс орындары пайда болады, халықтық табысы артады деген жанама әсерлері бар.»Ерділда Таутенов, экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасының орынбасары