Елдос Сметов Париж Олимпиадасын жеңіспен бастады.

Просмотров: 23

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. Бұл туралы 247media.kz тілшісі хабарлайды

60 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Елдос Сметов 1/16 финалда Нидерланд спортшысы Торнике Цякадоеамен белдесті. Екі дзюдошы негізгі уақытта өзара мықтыны анықтай алмады. Ал қосымша уақытта Елдос қарсыласының үш рет ескерту алуына байланысты жеңіске жетті. Енді қазақстандық дзюдошы келесі айналымда украиналық Дильшот Халматовпен кездеседі. Халматов алғашқы белдесуінде Өзбекстан өкілі Достон Рузиевтен басым түскен еді. Айта кетейік, 32 жастағы Елдос Сметов үшінші рет Олимпиадаға қатысып жатыр. Ол Рио-2016 бәсекесінде күміс, Токио-2020 додасында қола медаль еншілеген еді. Сметов маусымда үш қазақстандық дзюдошының арасында өткен іріктеу белдесулерінде жеңіске жетіп, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған