Елімізде 4 мыңнан астам науқас ағза ауыстыруға мұқтажм

Просмотров: 38
Бүгін дүниежүзілік донор күні. Бұл күннің мақсаты – әлемнің түкпір-түкпіріндегі қан донорларына құрмет көрсету, сондай-ақ, қоғамның қан тапсырудың маңыздылығын түсінуіне ықпал ету.

Мәселен, елімізде 4 мыңнан астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, науқастардың басым бөлігі бүйрекке зәру. Оның ішінде 3 мың 661-і ересек адам, 85-і бала. Бауырға 180 ересек пен 10 бала мұқтаж.

20 ересек қазақстандық өкпесін ауыстыру бойынша, ал жүрек бойынша 136 ересек пен 5 бала күту парағында тұр.

Сондай-ақ жүрек-өкпе кешеніне 4 ересек пен 2 бала мұқтаж, деп жазады qazaqstan.tv.

Кейінгі кезде мәйіттік донор бойынша нәтижелер жақсарып келеді. Соның ішінде қайтыс болған бес адамның ағзасы 19 адамның өмірін сақтап қалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған