Елімізде денсаулық сақтауда ЖИ стартаптарын енгізу үшін кедергілер жойылады

Просмотров: 9

Үкімет Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында жасанды интеллект базасында шешімдерді денсаулық сақтау саласына енгізетін отандық стартаптар үшін кедергілерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мунның айтуынша, денсаулық сақтау саласы – ЖИ қолдану үшін ең тиімді салалардың бірі, әсіресе ауруларды ерте кезеңдерде дәл диагностикалау бойынша.

Алайда, жасанды интеллект шешімдерін сапалы енгізу үшін бірқатар шектеу бар. Осы мәселелерді жүйелі түрде шешуде Денсаулық сақтау министрлігі нормативтік шектеулерді азайту және ЖИ моделдерін оқыту үшін анонимді деректерге қолжетімділіктіі қамтамасыз ету бойынша шараларды пысықтауды бастады.

«Бізде ауруханаларда енгізілген түрлі жүйелер бар және олар осы стартаптармен және жасанды интеллектмен интеграциялануға мүмкіндік беруі керек. Стартап бүкіл медициналық жүйені қайта құрмайтындықтан, ол жасанды интеллект негізінде жасанды интеллект агенттері мен көмекшілері түрінде жеке шешімдер жасайды. Министрлікке бұл шешімдердің қолданыстағы ақпараттық жүйелерге енгізілуін және интеграциялануын қамтамасыз ету маңызды»,

— деп атап өтті вице-министр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған