Елімізде мүгедектікті белгілеу жөніндегі мемлекеттік қызметтер жаңа тәсілмен жүргізілетін болады

Просмотров: 14
ҚР Еңбекмині ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және ҚР ЦДИАӨМ-мен бірлесіп мүгедектікті белгілеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бұйрық әзірледі, деп хабарлайды 247media.kz

Министрліктің мәліметінше, бұл бірнеше нозология бойынша осы процедураны жеңілдетеді.

«Сырттай проактивті форматта медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің ерекше тетігі медициналық құжаттарды аумақтан тыс бір ғана сарапшыға жіберу арқылы мүгедектікті белгілеу рәсімін оңайлатуды көздейді. Бұған дейін бұл рәсім үш сарапшының қатысуымен өткізілген еді»,- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ сырттай проактивті куәландыру кезінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері үш жұмыс күннен бір жұмыс күніне дейін қысқартылады.

Бұл механизм пилоттық жобада ауруларға, жарақаттар мен ақауларға байланысты дене функцияларының қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары кезінде үш нозологиялық нысан бойынша қолданылады:

  • аяқтың ампутациясы және (немесе) болмауы;
  • Даун ауруы (синдром);
  • балалардағы мукополисахаридоз.

Бұйрық 2025 жылғы 19 наурызға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған