Еліміздегі мұнай қанша жылға жетеді
Депутат Еділ Жаңбыршин 25 қарашада Мәжілістегі Үкімет сағатында алдағы 15 жылда Қазақстанда көмірсутек ресурстарының қоры таусылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды 247media.kz
Еділ Жаңбыршин бүгінгі таңда мемлекеттің есебінде көмірсутек шикізатының 548 кен орны бар екенін, мұнай қорының жалпы көлемі 4,3 млрд тоннаны құрайтынын еске салды.
«Көмірсутек шикізаты қорының 72%-ы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ сияқты ірі кен орындарына тиесілі. 10-15 жылдан кейін осы үш ірі кәсіпорында мұнай мен газ өндіру көлемі төмендейтіні анық. Сонымен қатар, игерудің кеш кезеңіндегі кен орындарында мұнай мен газ өндірісі төмендейді, кейбіреулері жұмысын тоқтатады… Егер геологиялық барлаудың қазіргі баяу қарқыны және мұнай өндірудің бүгінгі қарқыны сақталса, онда алдағы 15 жылда көмірсутек ресурстарының қоры таусылады», — деді мәжілісмен.
Бұған дейін Сәтқалиев елімізде мұнай өндіру айтарлықтай төмендегенін мәлімдеген болатын.