Гүлнара Рахметова: мәдениет – ұлттық бірегейліктің маңызды коды

Просмотров: 9

Теміртау қаласындағы «Теміртау мәдениет сарайы» КМҚК директоры Гүлнара Жакешқызы Рахметова жаңартылған Конституция жобасына қатысты өз пікірін білдірді.

Оның айтуынша, бүгінгі кезең – ел тарихындағы маңызды сәттердің бірі. «Бүгін біз маңызды тарихи кезеңнің табалдырығында тұрмыз. Жаңартылған Конституция мәдениетке ерекше мән беріп, оны ұлттық бірегейлігіміздің негізгі кодтарының бірі ретінде қарастырады», – дейді ол.

Гүлнара Жакешқызы мәдениеттің қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. Оның пікірінше, мәдениет – қоғамның рухани құндылықтарын қалыптастыратын, адамдарды біріктіретін және ұрпақтар сабақтастығын сақтайтын маңызды күш.

«Мәдениет қоғамның рухани құндылықтарын қалыптастырып, адамдарды біріктіреді және ұрпақтар сабақтастығын сақтайды. Сондықтан жаңа Ата Заңда бұл бағытқа ерекше көңіл бөлінуі өте маңызды», – деді ол.

Сондай-ақ мәдениет саласына қатысты мұндай қағидалардың Конституция деңгейінде бекітілуі ұлттық мұраны сақтауға және мәдениетті одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

«Мұндай нормалар мәдениеттің дамуына серпін беріп, ұлттық мұрамызды нығайтуға ықпал етеді деп сенемін», – деді Гүлнара Рахметова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған