Гауһар Әлімбекова түрмеден шықты

Алты жылға бас бостандығынан айырылған әнші Гауһар Әлімбекова сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

«Бүгін, 2019 жылдың 4 ақпанында Алматының Алмалы аудандық соты Әлімбекованың адвокатының оны қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қолхатпен босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Сот Әлімбекованың сотқа дейінгі тексеру барысында бұлтартпау шараларын бұзбағанын, тұрғылықты мекенжайы бар екенін және осыған дейін сотты болмағанын ескерді», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

Advertisment ad adsense adlogger