Өгей әкемнің көзқарасынан қорқамын

Жасым 23-те. Бір жарым жыл бұрын бір жігіт алып қашқан болатын. Келісімсіз. Босаға аттаған соң келісуге тура келді. Бас кезінде бəрі керемет болады, бақытты етем, жылатпаймын деп Алла алдында уəдесін өзіме де, туыстарыма да берген. Кейіннен көзге шөп салу, үйге кеш келу, тіпті апталап үйге қонбау, ақша сұрау, букмекерлік ойын  дегендері басталды. Жұмыс істемейді. Шеккені анаша. Күнде күнім жылаумен өтеді. Осындай азапқа төзе алмай, кетіп қалдым. Бала жоқ арада. Енді заңды түрде ажырасайын деп отырмын.

Бір жағынан өмірімдегі алғаш еркек болған соң ба, бауыр басып қалыппын. Сағынам кейде. Не істейін? Ол өзгермейді. Енді үйде өгей əкем бар. Ол бұрын қыз кезімнен-ақ бір түрлі əңгіме айтатын. Сен əдемісің, сен сияқты əйелім болса, алақанымда ұстар ем деген сияқты. Анаммен аралары нашар. Бүгін ерсі əңгіме айтып бастады уацаппен. Көзіме көрінуші болма деп боқтап тастадым. Хайуанды иттің етінен жек көріп кеттім. Анам екеуі ажырасуға шақ қап тұр. Анама айтуға аузым бармайды қылығын. Əлде өзім бөлек шығып кетейін бе? Өмірде тек жолым болмай қойды ғой.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger