Хорватия құрамасының бапкері шенеуніктерге ренішін айтты

Күні кеше Ресейде өткен футболдан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Хорватия ұлттық құрамасының бас бапкері Златко Далич өз шәкірттерінің жеңісіне билік өкілдері ортақтасып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы футбол маманы өзінің Facebook-парақшасында жазған, — деп хабарлайды  sn.kz 

Хорват футболшылары жартылай финалда Англияны жеңгеннен кейін жергілікті шенеуніктер Хорватия құрамасының жейдесін киіп, «жеңіс біздікі» деп атойласа керек. Далич оларға «жеңіс сендердікі емес, аулақ жүріңдер» деп ашық айтты.

Ол Хорватиядағы жемқорлықтың ушыққанына қарамастан футболшылар үлкен жетістікке өз күшімен жетті дейді. Даличтің жазуынша, елде білім беру және денсаулық сақтау саласы тоқырап тұр екен, ал сот жүйесі мүлдем былыққа батқан.

«Біздің халықты кедейлікке дейін жеткізген саясаткерлер мен билік өкілдеріне айтқым келеді, Хорватия құрамасынан қолдарыңды тартыңдар. Сендерді біздің футболшылар көргісі келмейді, сендермен суретке түскісі де келмейді. Сендер Хорватияны Еуропадағы ең кедей елдердің біріне айналдырдыңдар», — деп жазды Далич өзінің Facebook-парақшасында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger