Инклюзивті білім – нақты нәтиже!
2024 жылы бастау алған мүгедектігі бар адамдарды және оларға күтім көрсететін тұлғаларды оқытуға бағытталған жоба алғашқы кезеңін сәтті аяқтады ✅
Жобаның мақсаты – қатысушыларға IT-саладағы заманауи дағдыларды үйрету, кәсіби дамуына қолдау көрсету және еңбек нарығына қосылуына мүмкіндік беру.
Жобаға 100-ден астам адам қатысты
Бірінші кезеңде — мобильді қосымшалар әзірлеу
Екінші кезеңде — Python бағдарламалау оқытылды
Сабақтарды халықаралық сертификатталған IT-мамандар жүргізді
Қатысушылар Қарағанды қаласындағы IT-компанияларда өндірістік тәжірибеден өтті
✨ Жоба цифрлық салада жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, кәсіби дамуға нақты мүмкіндік береді, сондай-ақ күтім көрсететін тұлғаларды қолдауға бағытталған.
Жоба Қарағанды облысының «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің қолдауымен жүзеге асырылды.