Әйелімнің көңілдесі бар…

Мен Атырау тұрғынымын. Жасым 43-те. Жұбайымның жасы 41-де. Бәріне түсінікті болу үшін басынан бастап баяндайын. Оқиға 2013 жылы басталған. Мен өзім теңізде жұмыс істейтін болғандықтан, үйде көп бола бермеймін. Көбіне жұмыста. Бір демалысқа келгенімде, досым маған әйелімді бір үйдің подъезінен ер адаммен шығып бара жатқанын көргенін айтты.

 Мен бастапқыда шатасқан боларсың деп сенбедім. Сосын ол телефонға сыртынан түсіріп алған суреттерін көрсетті. Қарасам расымен де әйелім екен. Досым оларды (әйелім мен ойнасы)жиі көретінін айтты. Көбіне түнімен сол пәтерде болатынға ұқсайды. Ашуға бой алдырмай, бәрін әйелімнің өз аузынан естігім келді. Үйге барып оңаша калғанда, жаңағы суреттерді көрсеттім. Мынау не, мынау кім деп? Басында шошыды, не айтарын білмей сасқалақтап қалды. Дегенімен мойындауына тура келді. Олар АГЕНТ әлеуметтік желісінде танысыпты. Басында бір-біріне фотоларын жолдап, хат алысып отырған. Ішінде фотоларын да жіберген болып шықты. 

Уақыт өте екеуі кездесуге уағдаласады. Кездесіп жүрген жігіт те осы Атырау тұрғыны екен. Екеуі жалдамалы пәтерде кездесіп, көңіл көтеру үшін вино ішкен. Кездесу күндіз болғасын күн ұзағына екеуі сол пәтерде болып, кешке әлгі көңілдесі әйелімді таксиге отырғызып жібереді. Содан екеуі араға бір-екі күн салып, жиі сол пәтерде кездесіп тұрған.
Мен оны білгеніме бір жыл болды. Оған ұрыстым, айғайладым. Бірақ әйелімді қатты жақсы көрем. Ол 41-де болғанымен әлдеқайда жас көрінеді. Көңілдесінің жасы 47-де.
Арамызда екі бала бар. Екеуі кездесулерін тоқтатар емес. Мен оның көңілдесімен телефон арқылы сөйлесіп көрдім. Ол әйелің мені жақсы көреді не істе дейсің, мен оны күштеп алып жүрген жоқпын. Бәрі соның қалауымен дейді.
Бес жыл бойы әйелім басқа еркекпен көңілдес болып келеді. Әйелімді қатты жақсы көрем. Ол менен де кеткісі жоқ. Енді не істерімді білмей басым қатып жүр. Мүмкін оқырмандар ақыл қосар, — деп көпшіліктің ойын білгім келген?Намыс қайда?Еркек емессің бе?- деген сөзді басына түспегендер айтпай –ақ қойсыншы.Әйелімді қатты сүйгендіктен,бәлкім арадағы балаларымды қимағандықтан шыдап жүрген болармын.Әйтеуір өзімді –өзім түсінбейтін хәлдемін….

Дереккөз: el24kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger