Өкініш

Мен өзімнің бұрынғы ақымақтығым үшін өкініп, ішіме сыймаған соң жазып отырмын. Жасым 29-да Оңтүстіктен тұрамын.  Жас шағымда отбасы еркектің тоқалы атанып, ата анамды жерге қараттым. Сол үшін өкінемін.

Қыздарға айтарым, өзгенің байына жармасуға болмайды екен. Босқа өмірлерің құриды. Мен өзімнен 21 жас үлкен,  отбасылы еркектің көңілдесі болдым. Әлі де сол еркектің жанындамын. Кеткім келеді, бірақ ол жібермейді.Айтатыны » жұрттың бәрі  сенің  менің тоқалым екеніңді біледі. Менен кетсең ешкім  алмайды да. Ешкімге керегің жоқ, мен болмасам жәлеп болып кетесің».

Онымен 22 жасымда таныстым. Соңымнан жылға жуық жүгіріп, өзіне қаратып алды. Қыздығымды да сол алды. Бірақ мінезі ауыр, соның кесірінен баламнан айырылдым. Оның өз отбасы, бала-шағасы бар. Сонда да мені жібергісі келмейді.  Түсінгенім тоқал болудың қажеті жоқ. Өтініш мені сөкпекіңздерші апалармен қыздар. Менде сіздер сияқты тоқал дегенге қарсы болғанмын жек корип, алдымда не күтіп тұрғанын білмеппін бірақ ол кезде..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger