Күйеуім үлкен әйелдерге құмар…

Біздің отбасында бәрі жақсы болар еді, егер Нұрлан менің көзіме шөп салмағанда. Бірде мен абайсызда Нұрланның телефонына келген хабарламаны оқып қойдым. Әдетте ол маған ешқашан телефонын ұстатпайтын. Ол таңертең жұмысқа асығып, телефонын жастығының астында қалдырыпты. Ол телефонын алуға қайта келгенше мен әлгі хабарламаны оқып үлгердім де, түк көрмегендей орнына қайтып қоя салдым. Бірақ хабарлама ойымнан кетпеді. Онда: «Жаным, я тебя жду на нашем месте вечером» деп жазып қойыпты. Мен осы уақытқа дейін күйеуім басқа әйелдерге барады деген ойыма да кіріп шықпаған. Өзімді қанша сабырға шақырайын десем де, ашу жеңіп, мен сол күні күйеуімнің соңынан аңдыдым. Оның үп-үлкен әйелмен кездесіп, онымен сүйісіп, қонақүйдің бөлмесіне кіріп кеткенін көргенде өз көзіме өзім сенбедім. Неде болса, күйеуімнің сазайын берейін деп, қонаүйге барып, күйеуім мен әлгі әйелдің тура үстінен түстім. Мені көргенде күйеуім тіпті сасар емес. Ал әлгі әйел болса, менің бетіме қарап күледі. Мен болсам ызадан жарылардай, күйеуіме айтпағанды айтып, бетіне түкіріп кетіп қалдым. 

Үйге келіп алғаннан кейін көрген көрінісім көз алдымнан кетпей, әбден жыладым, ажырасамын деп шештім. Соңымнан күйеуім келіп, кешірім сұрап: ол әйелдің соңынан қалмай қойғанын, оған тек жақын қарым-қатынас керек екенін айтып ақталды. «Мен сені сүйемін, баламды жақсы көремін» дейді ұялмай. Күйеуімнің айтуынша, ол әлгі әйелді маған үйленгенге дейін біледі екен. Бай адамның әйелі көрінеді. Нұрлан бұрын оның қоластында жұмыс істепті. Сол кезден бастап ол Нұрланға жабысып, «менімен ада-санда бірге түн өткізіп тұрсаң, бар жағдайыңды жасаймын, ақшадан таршылық көрмейсің, қызметің өседі» деп жас жігітті айналдырып алыпты. Мен мұны естігенде күйеуімнің жезөкше әйелден еш кем түспейтініне одан сайын ыза болдым. Ол маған сұндай жағдай енді ешқашан қайталанбайтынын айтып, бір жолға кешіруімді өтінді. Уақыт өте келе өзімнің ата-анамды, баламды ойлап, ажырасу туралы ойымнан қайттым. Бірақ күйеуіме деген сезімім суып қалды. Ол менің көңілімді табу үшін барынша тырысты. 

Негізі «ауру қалса да, әдет қалмайды» деген рас екен. Мен осыдан кейін де Нұрланның басқа әйелдермен сөйлесіп жүргенін де, әлгі әйелге баратынын да сезіп жүрдім. Бірде Нұрланды бұрыннан танитын бір танысым: «Сенің күйеуің альфонс қой, бай әйелдердің әдемі ойыншығы» дегенде кірерге тесік таппадым. Менің телефоныма небір әйелдер хабарласып, Нұрланды әдейілеп тұрып сұрайды, ашуыма тигілері келеді. Ал Нұрлан болса, меен кешірім сұрап, басқа әйелдерге барғанын қойғанын айтып ант-су ішеді. Отбасындағы қызғаныштан, өтіріктен арамыздағы сезім мүлде өшті. Қанша рет ұрсысып, бет жыртысып бір-бірімізден 6 айдай бөлек тұрған кезіміз де болды. Бірақ менің осы уақытқа дейін онымен ат құйрығын кесісіп ажырасып кетуге батылым жетпей ме, білмеймін. Оның үстіне өзімнің анам да, енем де отбасыңды сақта қызым деп ақылдарын айтады. Әбден басым қатты. Күйеуім де да ажырасуға келіспейді. Мұндай өмір қашанға дейін жалғасар екен?..

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger