Күйеуім мен көңілдесінің үстінен түстім

Мен жолдасыммен ажырасқаныма 6 жыл болды. Ұлым бар 8-де. Осы алты жыл ішінде ешкіммен жүрген емеспін.

Жолдасым маған опасыздық жасағандықтан ажырастық. Ұлыммен ауруханада жатқанымызда басқа қызды үйге əкеп жатқан жерінен ұстап алдым. Мен ауруханадан шығатынымды айтпай үйге таксимен келсем басқа əйелдің қойынында жатқан жерінен үстінен түстім. Мен ол айелден не кемшілігім бар екенің білмеймін. Бой десе, бойым, түр десе түрім бар, өзіме əрқашан қарап жүрем. Мен оны кешіре алмай ажырасып кеттім. Неше рет кешірім сұрап келді кешіре алмадым. Содан заң бойынша ажырасып кеттім.

Əкем қатал адам болатын. Бəрі əкемнен қорыққаннан ба немесе сыйлағаннан ба, маған ешкім жоламайтын. Əкем маған азық-түлік дүкенін ашып берді. Енді күйеуінді ұмыт та осы дүкеніңді үлкейтіп, алдыға бас деп. Сөйтіп жүргенде əкем жүрегінен қайтыс болды. Əкемсіз қиын екен. Əкем қайтыс болғанына 3 жыл болды. Енді сіздерден сұрайын деген ақылым, өзімнен бес жыл үлкен ер адам үйленейік деп соңымнан қалмайды. Дүкеніме жұмыс барысымен келіп жүрген кезінде танысқанбыз. Ажырасқан екекн,  үш жыл тұрып бала болмаған соң ажырасып кетіпті.

Анам маған күйеуге шық көзім тірі кезімде дейді, бірақ ұлым үшін қорқам. Қалай болады деп, ұлымның мінезі тұйық ол кісіге бауыр басуы қиын болатын секілді. Ол кісімен ұлымды таныстырдым, ұлыма ұнамапты. Мама ол кісімен енді сөйлеспеңізші деді. Не істерімді білмей жүрмін.  Жалғыздықтан да шаршадым. 

Аноним 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger