Күйеуімнің бұрынғы әйелі порноға түскен

Мен адамдардың бірін-бірі табалауына қарсы жандардың бірімін. Өйткенә біреу туралы айтпас бұрын жақсылап ойлану керек.

Ағам мен жеңгем ұрысып қалған. Құдағи да мамаға ренжіп қалды. Араларында ұрыс болған. Менің мамам басын иіп, туған сіңілісі екеуі барғанда құдағайының айтпаған сөзі қалмаған. Ол сөз арасында «үлкен қызың ажырасқан, баласы бар жігітке тұрмысқа шықты, екі қабат болып тиді» деп бетіне басқан. Мамамды еңіретіп қойған солай айтып. 
Үлкен қызы мен, тұрмыстамын, ұлым бар. Күйеуім ажырасып кеткен. Себебі бірінші əйелін порнодан көріп қалған. Ол бір жігітпен болып, екіншісі видеоға түсіріп тұрған. Бұл жағдай екеуі үйленгенге дейін болыпты. Ол келіншек енеммен де дұрыс болмаған. Ажырасуға арызды əйелдің өзі жазған. 
Видеоны ортақ баласы болған кезде көріп қалған. Сол кезден бастап арамыз суып кетті деген күйеуім. Күйеуімді жақсы көрем, алтын адам. Артынан сөз айтатынын ұнатпаймын, біліп тұрмысқа шықтым. Осындай жан маған бұйырғанына Аллаға мың алғыс! Ұлына жақсы қарайды, еркелетіп ойнатады, түнде баламыз оянса, тұрып суын беріп,  қағып ұйықтатады. Басқаларға ұқсамайды. Күйеуімнің бұрын үйленгенін үйдегілерге айтпаған едім. Ағаларым қыздай қылып ажырасқан жігітке бермей қала ма деген ой болды. Құдағи менің мамамды жеңу үшін жанына бататын сөздер айтып еді,  енді өз басына келіп отыр. Ең кіші қызы үйінде отырып босанып қалған. Кеше естідім. Қазіргі заманда ешкімді ғайбаттауға арын төгуге болмайды артыңда бала-шағаң өсіп келе жатыр, алда не күтіп тұрғанын ешкім де білмейді. Аузымызды жайлап ашайық, қазір ешкім жетісіп жүрген жоқ. Жамандағанша жақсы сөз айтайық қыздар!

Аноним 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger