Көкшетау қаласының әкімі 5510 әскери бөлімімен танысты
Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Қайыргелдіұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Көкшетау қаласында орналасқан 5510 әскери бөлімінің аумағында болды. Арнайы іс-сапар барысында қала әкімі әскери бөлімнің атқарып жатқан міндеттері, оқу –материалдық базасы және тұрмыс тіршілігімен танысты.
Әскери бөлім аумағына келген қала әкімінің әскери бөлім командирі полковник Берік Қожахметов күтіп алды. Ал өз кезегінде қала әкімі әскери бөлім командирінің сүйемелдеуімен әскери бөлімді аралап шықты. Әнуар Қайыргелдіұлы әскери қалашық аумағын аралау барысында аумақтың жай-күйіне, жасыл желектерге, сондай-ақ спорт алаңдары мен демалыс орындарының болуына назар аударды. Ол әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларына жайлы жағдай жасаудың маңыздылығын қолдайтынын білдірді.
Ал өз кезегінде әскери бөлім аумағына қала әкімінің келуі Көкшетаулық әскери бөлімді дамытудың маңыздылығын көрсетеді. Мұндай сапарлар әскери және азаматтық билік органдары арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі, олардың қажеттіліктері мен мәселелерін бағалауға және оларды шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.
ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі