Көкшетауда Ұлы жеңіске арналған мерекелік концерт өтті

Просмотров: 14

Қазіргі таңда еліміздегі басты мерекелердің бірі Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай көптеген іс-шаралар өткізілуде. Мәселен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлынының “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінің әскери оркестрі мерекелік концерт ұйымдастырды. Аталмыш іс-шара Көкшетау қаласындағы Рио атты ірі сауда үйінде болған.

Іс-шара аясында жеңіс жылдарындағы әндер шырқалып, келуші көрермендердің қарасы көп болған. Сонымен қатар, іс-шара аясында ұландықтар нәзік жандыларды келе жатқан мерекесімен құттықтап гүл шоқтарын таратты.
-Біздің қаламызда ұйымдастырылған бұл іс-шара біз үшін шыныменде маңызды. Себебі, осындай іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақ көп ақпарат алады- деп атап өтті қала тұрғыны.
Ал ұйымдастырушылардың айтуы бойынша бұл іс-шара “Жеңіске 100 күн қалды” акция аясында ұйымдастырлған. Сондай-ақ алдағы уақытта көптеген іс-шаралар қоса өткізілетінің мәлімдеді.

ҚР ІІМ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған