Көкшетаулық ұландықтар қырағылық танытты
Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінің қызметкерлері қырағылық танытты.
Көкшетау қаласының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүргенде, шамамен 20:25 кезінде әскери жасақ басшысы ефрейтор Мусин Руслан және оның көмекшілері Кадыров Юнис пен Жумағазиев Алим көпқабатты үйлердің жанынан көк лентаға оралған белгісіз бір затты байқайды.
– Біз Көкшетау қаласының көшелеріндегі қоғамдық қауіпсіздікті атқарып жүрген шағымызда белгісіз бір затты байқадық- деп атап өтті әскери жасақ басшысы ефрейтор Мусин Руслан
Ұландықтар көп кідірместен табылған заттың не екенің анықтағанда дереу Ішкі органдары қызметкерлерін шақырып, ары қарай сараптамаға жіберді.
ҚР ҰҰ “Орталық” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі