Карағандыда қар тазалау жұмыстарына 150-ден астам арнайы техника жұмылдырылдыКарағандыда қар тазалау жұмыстарына 150-ден астам арнайы техника жұмылдырылды
Бүгін Карағанды жолдарына қар тазалау және көктайғақпен күресу үшін 150-ден астам арнайы техника шықты. Жұмыс екі ауысыммен жүргізілетін болады, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Қазыбек би атындағы ауданда мердігер ұйымдар күндізгі ауысымда 105 арнайы техника мен шамамен 120 жол жұмысшысын шығарды. Түнде 35 арнайы техника және 45 жұмысшы жұмылдырылады. Техника мен жұмысшылардың саны ауа райы жағдайына байланысты өзгеріп отыратын болады. Мысалы, қыста арнайы техниканың басым бөлігі түнгі ауысымда жұмыс істемекші.
Көктайғақпен күресу үшін 13 мың тонна тұзды-құмды қоспа дайындалған. Жуырда тағы 10 мың тонна қоспа қорды толықтырады. Бүгінгі күнге дейін 200 тонна тұзды-құмды қоспа қарастырылған.
Қазыбек би ауданында екі қар полигоны орналасқан: Саран шоссесі бойында (108-ші есептік учаске ауданында орналасқан) және Гапеев көшесі, ст. 17/2 (Спасск шоссесі ауданында). Бұл қар сақтау алаңдарын аудан тұрғындары мен шағын және орта бизнес нысандары пайдалана алады. Тегін қызмет көрсететін болады.
Әлихан Бөкейхан атындағы ауданда бүгін 50-ден астам арнайы техника мен 45 жұмысшысы жұмылдырылды. Түнгі уақытта жолдарды тегістеу үшін 300 тоннадан астам тұзды-құмды қоспа пайдаланылды.