Келінім күйеуінің қасына жатпайды

Қыз бала болғаннан кейін төркініңде болып жатқан әрбір нәрсеге алаңдайсың. «Қыз тілекші» деген рас қой. Әр қуанышына қуансақ, әр қолайсыз іс үшін алаңдап, уайымдап қаламын. Отбасымызда 5 қыз, 2 ер бала өстік. Баланың үлкені болған соң, тұрмысқа шығып кетсем де әке-шешем жас кезімнен төркінімде болып жатқан әрбір тірлікке ойласып, ақыл сұрап отыратын. Сол әдетіммен, әлі күнге төркінімде болып жатқан жайттарға алаңдап араласып отырамын. Сондықтан інімнің мәселесін ортаға салуымды әбестік көрмесеңіздер екен.

Өз отбасым болса да, уайымым солар әлі күнге. Үйдегі бес қыз да тұрмыстамыз. Бесеуміз де балалы-шағалымыз. Екі ініміздің үлкені 26-ға тола сала жақында үйлендірдік. Келіншегі 20-дағы жас қыз. Анау мынаусы болса өзіміз тәрбиелеп аламыз деп, соны дұрыс көрдік. Менің айтайын деп отырғаным осы інім мен келінім жайлы. Келінім жақсы, иіліп салемін салып тұрады. Екеуінің арасы жақсы болатын, бір-бірін сүйіп қосылды. Таңдауларына қарсы тұрмадық. Жас алшақтығымыз біраз болса да інім мен келініме жақын әпшесімін. Бірақ жақында екеуінің ұрысқанын көріп жүрегім ауырды.

Олар бір төсекте жатқанмен, төсек қатынасы деген болмайды екен. Ұрыстың бәрі осыдан шыққан көрінеді. Келінімнен сұрасам «алғашқы түннен қоркып қалдым, қоркып жүрмін» дейді. Інім «мен еркекпін» деп ашуланады. Келінге дөрекі сөйлейді.

Өзі департаментте бас маман, кешке жұмыстан келіп, балдармен кетіп қалады екен. Інімдікі де дұрыс емес, білемін. Алайда келінімдікі де дұрыс емес деп ойлаймын. Мамам қынжылып, маған айтып жылады. Келіннің анасына айтып араға кір тусіргісі келмей отыр. Мен араласпаймын десем екеуінің ажырасып кететін түрі бар. Аралары күн өткен сайын суып бара жатыр. Тіпті төсекті бөлек салып алуға көшіпті. Үйленгендеріне бір жыл толмай жатып бұлары сұмдық қой енді.

Анам азаннан кешке дейн ательеде, папам да қасында жүреді. Үйіміз үлкен жер үй қалада. Ішінің бәрі еурожөндеуден өткен, ыстық су, суық суы ішінде. Азаннан кешке дейін келін жалғыз өзі үйде болады, еркін жүріп тұрады. Баратын жеріне барып келеді. Інім ішпейді, шекпейді, артық жүрісі жоқ. Соңғы кезде келінге ерегісіп балалармен түнде көбірек жүруді шығарыпты. Футбол ойнайды екен. Келінім соған да ренжиді. Ініме ұрыссам, «мен әдейі істеп жүрмін, мені керексінбейді, менің алдымдағы әйелдік міндетін орындасын» дейді. Басым қатып кетті. Екеуі де жас. Келінім өте тұйық. Ашылып енесіне де сыр айтпайды екен. Ой қосыңыздаршы. Араласпайын десем болмайтын түрі бар, ақыл айтқаным дұрыс деп ойлаймын. Келінімді жақтаймын. Себебі жақсы көремін. Осындай жас келіңдер бар ма екен. Төсек катынасынан қоркып қашқан. Сол туралы білгім келеді. Келінім сонда бала сүйгісі келмей ме, түсінбедім

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger