Өкініш өзекті өртесе де, үнсіз көнуге мәжбүрмін

Осыдан 9 ай бұрын 1-2 рет кездескен жігіт алып қашып кетті. Алланың бұйрығы болар, тұрмысқа жақын арада шығам деп ойламағам, бірақ сол үйге келін болдым.

Жолдасым менен 7 жас үлкен мінезі өте жайлы болып шықты. Ашуланып артық сөз айтқан емес, уақыт өте келе оны қатты жақсы көріп кеттім. Жолдасым да мені қатты жақсы көретін, бір-бірімізді сыйлайтынбыз! Енемнің де және 3 қайын әпкемнің де мінезі жайлы болып шықты, мені көптен күткен келінім, алтыным деп отырады. Үйленгенімізге 5 ай болғанда жүкті екенімді білдім. Енем де, күйеуім де қатты қуанды. Енем өмірге немерелерім келетін болды деп қуанып отырады. 

Бірақ мені бір жағдай қатты қапаландырды. Күйеуімнің қыздармен сөйлесетінін білдім. Оларға барады, жүреді, кездеседі демеймін. Телефонмен сөйлесетінін біліп қойдым. Көңілім бос-тұғын, көп жылап қалатынмын. Маған қапа болды ма сол үшін ерегісіп істеп жүр ме деп ойлайтынмын. Бірақ ондай емес, сол бұрынғыдағыдай жаным деп еркелетіп жүретін. 

Күйеуім 15 күн бойы вахталық әдіспен жұмыс істейді. Сол жақтан келгенде телефон арқылы қыздармен сөйлесетінін біліп қалдым. Телефонын қарап отырып бір қызға ватсапқа жазғанын көріп қатты жыладым. Кім деп сұрадым, ол маған неге тексересің деп ашуланып телефонын сындырып тастады. Сол сұрақтын жауабын білмей қала бердім, үндемедім, бірақ қатты қапа болдым. Сенімсіздікпен телефонын тексеретінмін, оның танысу сайтына кіретінін білдім. *Басы бос қыздар, келіншектер танысайық, ашық сөйлесеміз қоздырам* деп астына өзінің нөмерін жазып жіберіпті. Оған деген өкпем арта түсті. Жылайтынмын оңашада. Бірақ ол жайында оған ештеңе айтпадым. Біреуін айтсам, біреуін айтпайтынмын жылап қала беретінмін. Неге тексересің телефонын деп сөгетін шығарсыздар? Бірақ мен сенбейтіндіктен тексеретінмін. Сөйтіп ол жағдайдан кейін арада бір ай өткен соң бір қыздан смс келгенін көрдім, «жаным сағындым» деп жазыпты. Ол қызбен сөйлескенін де көрдім. Артынша звандадым, бір қыз алды менің даусымды естіп өшіріп тастады. Күйеуім ұйықтап жатқан, қасына барып жылап отырдым, ол оянып кетіп не болды деді маған… Еңкілдеп жылап отырып айттым неге олай істейсің, шаршадым дедім.. Ол ашуланып телефонын алып дуалға лақтырып жіберді. Айқайлап ұрысып кетті. Далаға шығып кеттім, жылап-жылап қойдым. Түк болмағандай жүре бердім келіндік міндетімді атқарып. Енеме ештене айтқым келмейді, ұрыс-керіс боп кете ме деп қорқамын. Оның қазір де сөйлесетінін білем, бірақ үндемеймін, шыдаймын ішім өртеніп бара жатса да өтірік күліп жүрем. Машинамды жөндеймін деп гаражға кіріп кетеді, қыздармен сөйлесіп отырып, үйге түнде бірақ кіреді, әжетханаға кетсе де 1 сағат жоқ боп кетеді, онда да сол қыздармен сөйлеседі. Сөйлескенін тіпті естігенмін де. Түк болмағандай жүрсем де оған деген ренішім күннен күнге күшейіп келеді. Ол жаным деп жағдайымды жасап жүрсе де, жүрегімде мәңгілікке жара боп тұр сол істегендері. Қазір телефонын тексермеймін де, біреу звандаса қарамаймын да, тағы да өз-өзімді қинағым келмейді. Ол әдетін қоя ма, қоймай ма білмеймін, бірақ осылайша ары қарай өмір сүре беремін бе, не істесем болады? 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger