Кішкентай баланың суреті көпті таңғалдырды

Балабақшада бір бала ортасында есігі бар жүректің суретін салыпты. Оны байқаған тәрбиеші:

«Қандай жақсы сурет. Неге ортасына есіктің суретін салдың?» – деп сұрайды.

Сонда бала:

«Ол есіктен Алла кіреді», — дейді. Тәрбиеші: «Онда оның тұтқасы неге жоқ? Тұтқасыз есік бола ма екен?»

Бұған берген баланың жауабын қараңыз:

«Оның тұтқасы сыртында емес, ішінде болу керек. Оны Алла емес, ішінен біз ашуымыз керек», — деп таңқалдырған екен.

Расында, біз сол есікті аштық па?

Қуат Қабдолда

Advertisment ad adsense adlogger