Конституция күніне орай Теміртауда 50 отбасы пәтер кілтін алады

Просмотров: 37

9 ықшамаудандағы жаңадан бой көтерген 5 қабатты тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Әкімдік үй кезегінде тұрған жандарға пәтер кілтін 30 тамыз күні табыстамақ.

-«Теміртау тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл мақсатқа жету үшін ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз»,-дейді Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.

Теміртауда мұнан бөлек тағы 60, 90, 120 пәтерлі үйлер салынып жатыр. Үй құрылысы ағымдағы жылы аяқталатын болса, үй кезегі біраз жылжымақ. Дегенмен, қала әкімдігі құрылысты күтпей екінші нарықтан үй сатып алуға кіріскен. Қаржы бөлініп, алдағы уақытта тағы 50 пәтер екінші нарықтан алынатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған