Куәліктің көшірмесін қалай алуға болады

Просмотров: 10

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Қарағанды облысы

бойынша департаментінің

Мемлекеттік көрсетілетін

қызметтер  басқармасының бас маманы
А. Сахариеваның мақаласы

 

Азаматтың туу фактісін растайтын туу туралы куәлік маңызды құжаттардың бірі болып табылады және оны әр адам өмір бойы мұқият сақтау керек. Кейде көп құжаттардың арасында куәлік табылмайтын жағдайлар кездесіп жатады. Сондықтан, жоғалған туу туралы куәлікті қалай қалпына келтіруге болатындығын білу маңызды.

Заңнамада жоғалған құжаттарды қайта алу тәртібі қарастырылған. Азаматтық хал актілері саласындағы заңнамаға сәйкес куәліктің көшірмесін мына адамдар ала алады: кәмелетке толған азаматтар өздері үшін; заңды түрде кәмелетке толмаған азаматтың мүдделерін білдіретін адамдар; қайтыс болған адамның жақын туыстары; ата-аналар немесе қамқоршылар; сенімді тұлға; мемлекеттік органдардың ресми өкілдері.

Басқа тұлғалар, сондай-ақ өз баласына деген ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар қайталама туу туралы куәлікті ала алмайды.

Көбінесе куәлік қайтыс болған адамның туыстарына мұра алу үшін қажет. Себебі, өзге құжатта (паспортта немесе жеке куәлікте) туыстық қатынастар туралы ақпарат көрсетілмейді. Адамның туылғанын растайтын құжатты жоғалту немесе оның бүлінуі осы құжаттың көшірмесін алу үшін қалпына келтіруге негіз болып табылады. Егер құжат бүлінсе және одан белгілі бір мәліметтерді оқу мүмкін болмаса (мөрі оқылмайтын болса), оны ауыстыру қажет. Бұл жағдайда ХҚКО қызметкерлеріне бүлінген құжатты ұсыну керек.

Жоғалтқан үшін айыппұл төлеу заңда қарастырылмаған. Алайда,
кез-келген жағдайда, құжатты қалпына келтіргенде мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін мемлекеттік баж төлеу керек (1 АЕК мөлшерінде).

Қайда барып қалпына келтіруге болады? Қайталама куәлікке бірнеше жолмен тапсырыс беруге болады.

Олар:

1)  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады;

3) Шетелден қайталама куәліктерді немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамаларды сұратқанда көрсетілетін қызметті берушіге АХАТ органдарына жүгіну қажет.

– Азаматтық хал актісін Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу кезінде, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру – 3 (үш) жұмыс күні;

– АХАЖ АЖ-нде актілік жазба болмаған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа, қызметті алушыға 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабарлана отырып, ұзартылады;

– Портал арқылы жіберген кезде – өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама жеке кабинетке 1 (бір) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

Қазақстан Республикасы азаматтарына ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерінің барлық түрлерін тіркеу бойынша, оларға өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу, актілерді қалпына келтіру және жою, қайталама куәліктер мен анықтамаларды алу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер экстерриториялық принципімен көрсетіледі. Бұл дегеніміз, құжаттар (туу туралы куәлік, қайтыс болу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, неке бұзу туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік) жоғалған жағдайда азамат Қазақстан Республикасының аумағында, тұрғылықты жеріне, туылған жеріне немесе актілік жазбаның орналасқан жеріне қарамастан, ХҚКО-ның кез-келген бөлімшелесіне жүгініп, қайталама куәлік (анықтама) ала алады.

Сонымен қатар, қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет алу барысында әкімшілік кедергілер (мерзімін бұзу, артық құжаттар талап ету, төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол беру т.б.)  кездескен жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 39 мекенжайы бойынша немесе «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жүгінуге болады.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған