Ләззат Ибрагимова: Тұтынушылық несиені екі минутта рәсімдеп беру дұрыс емес

Просмотров: 9

Коммерциялық банктер тұтыну кредитін беруді белсенді түрде дамытып жатыр. Тұтынушылық несиені екі минутта рәсімдеп береді. Бұл дұрыс емес. Мұндай пікірді қаржыгерлер конгресінде «Отбасы банкінің» төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты  деп хабарлайлы 247media.kz

«Қазір елде қаржы алаяқтар көбейді. Бізге келген несие алушылардың басым бөлігі онлайн алақтардың құрбаны болғандарын айтады. Сондықтан, онлайн кредит алушыларға 24 сағат несие рәсімдемей тұру қажет деген ұсынысты қолдаймын. Мен түсінбеймін не үшін тұтынушылық несиені екі минутта рәсімдеп береді. Бұл дұрыс емес. Мұндай жылдамдықтың мақсаты не», — дейді ол.

Айтуынша, ипотекаға баспана алатындарға да ойлануға уақыт берілуі керек.

«Экономист ретінде айтатыным, онлайн ипотеканы мақұлдау үшін 20 минут жеткіліксіз. Келісім шарт жасағаннан кейін адамға тағы бір апта уақыт берген жөн. Өйткені, тұтынушы бұл келісімге қол қояр алдында 19 жылға қарыз алып жатқанын түсіну керек. Осы уақыт аралығында ол қаржы төлеуге мүмкіндігі бола ма, осыны ойланып алады. Бұл әлемдік экономикада орын алып отырған мәселе», — дейді Ләззат Ибрагимова.

Оның пікірінше, қазір бизнес үлгілердің арасында қақтығыс бар.

«Коммерциялық банктер тұтыну кредитін беруді белсенді түрде дамытып жатыр. Клиент біреу ғана. Орта табысы бар қазақстандық. Цифрландыру, маркетинг және жарнама секілді түрлі құралдармен осы қазақстандықты тұтыну кредитін алуға тартады. Біз келіп: «Жоқ. Тоқта. Алдымен қаражат жинау керек. Баспана алу жайлы ойлану керек. Депозит аш, жинақта» дейміз», — дейді банк басшысы.

Осыған дейін ол қазақстандықтардың микроқаржы ұйымдары алдындағы қарызы ипотека рәсімдеуге кедергі келтіретінін айтқан болатын. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған