Ұландықтар қатары толығуда

Просмотров: 11

Ұлттық ұлан қатарын кезекті жаңа шақырылым сарбаздары толықтырып жатыр.

Ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінде салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. Еліміздің көптеген облыстарынан келген жас сарбаздар бір ай ішінде саптық дайындықтан өтіп, әскери өмірдің қыр-сырымен танысып үлгерді. Салтанатты шарада 200-ге жуық сарбаз Отанға адал қызмет етуге серт берді. Айтулы күнде сарбаздарға қолдау көрсету үшін алыс-жақыннан олардың ата-ана және жақындарынан жиналған 350-ге жуық адам қатысты.
Ант қабылдау рәсімі барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков жас сарбаздарды салтанатты түрде құттықтап, абыройлы қызмет атқаруларын тіледі. Сонымен қатар рәсімге қолбасшылықтың Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы генерал-майор Ерсайын Рустемханов та келді.
—«Отанды қорғау – әр азаматқа борыш, қасиетті парыз. Ал әскер ер азаматты патриоттыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, тәртіп пен қайсарлыққа баулитын өмір мектебі. Осы орайда анттың маңызын түсініп, елге адал қызмет ете білетін, абыройлы қызметімен көзге түсіп, болашақта ел мүддесі жолында қызмет ететін жастар көбейсе ол біз үшін мақтаныш» – деді өзінің жүрек жарды тілегін білдірген генерал ардагер.
Құттықтау сөздерден кейін жас толықтырым сарбаздарына шара қонақтары мен ата-аналар сәттілік тіледі. Өз кезегінде сарбаздар да антқа адал болуға уәде беріп, елге адал қызмет етуге бекінді. Шара соңында әскери бөлім командирі подполковник Рауан Омаров ата-аналардың көкейтесті сұрақтарына жауап беру мақсатында арнайы жиналыс өткізді.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған