Ұландықтар өз дауыстарын берді

Просмотров: 20

Ағымдағы жылдың 6 қазан күні еліміздің барлық аумағында жалпыұлттық референдум өз бастауын алған болатын. Референдумге байланысты, дауыс беру учаскілері мемлекетіміздің  әрбір аумағында ашылған еді.

Дегенмен, Петропавл қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6637 әскери бөлімінде орналасқан дауыс беру учаскесі таңғы сағат 6:00 де өз бастауын алды. Аталмыш учаскеде ең алғашқы болып әскери бөлім командирі Куркенов Досан Батырович берді. Сондай-ақ, аталмыш дауыс беру учаскесінде өз дауыстарын отан алдындағы борышын өтеп жүрген жас сарбаздар мен қатар келісімшарт бойынша әскери қызметкерлер беруде.

  • Қазіргі таңда біздің әскери бөлімде орналасқан дауыс беру учаскесінде дауыс беру қызу жүріп жатыр. Әрбір әскери қызметкер бұл таңдаудын ел болашағына өте қатты әсер ететінің жіті білуде. Сол себептенде барлық әскери қызметкерлер өз ойларын ортаға салып, өз таңдауларын жасап жатыр- деп атап өтті 6637 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Ашимов Шухрат.

Қазіргі таңда аталмыш сайлау учаскесінде дауыс берушілер саны 200 ден асып кетті. Атом электр станциясына байланысты бұл референдумда барлық әскери қызметкерлер өз дауытарын беруді жалғастыруда.

 

 

 

                                                                                                                                                                                       ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған