Ұландықтар жоғалған телефонды иесіне қайтарды

Просмотров: 18

      Ағымдағы жылдың 23 қазан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері қырағылық танытты.

Атап өтер болсақ,  6697 әскери бөлімінің әскери жасағы 23 қазан күні күнделікті қызметтеріне кірісіп қала көшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген.  Кенет лейтенант Малқар Тимур бастаған әскери жасақ қатардағы ЖУков Евгений және қатардағы Бондаренко Максим мен бірге Абай атындағы көше бойынан «айфон 15 про» маркалы ұялы телефонды тауып алған. Көп ойланбастан, әскери жасақ бастығы, әскери наряд кезекшісіне хабарласып, баянат жасап, телефон иесін іздеуге кіріскен. Арада көп уақыт өтпестен, телефон иесін тауып, ұялы телефонды қайтарып берді. Өз кезегінде ұялы телефон иесі ұландықтардың қызметіне алғысын білдірген.

 

 

                                                            ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған