Әлем кубогы – 2025: Ұлттық ұлан әскери қызметшісі Арман Жүнісовтің жарқын жеңісі!
2025 жылдың 26–30 сәуір аралығында Өзбекстанның Ханабад қаласында гир спортынан беделді халықаралық жарыс – Әлем кубогы өтті. Бұл дүбірлі додаға 25 елден 500-ден астам үздік спортшылар қатысты.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы атынан “Орталық” өңірдік қолбасшылығына қарасты 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Арман Жүнісов жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ол «Ұзын цикл» жаттығуында 24 келілік гирді 63 рет көтеріп, өзінің мықтылығын, төзімділігі мен шеберлігін дәлелдеді. Жарыс қорытындысы бойынша Арман Жүнісов жүлделі бірінші орынды иеленді.
– Мен бұл жеңісімді еліміздің айбыны атанған Ұлттық ұланға арнаймын. Сонымен қатар, бізге қолдау көрсетіп жігер беретін Ұлттық ұланның бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков Скендерұлына алғысым шексіз-деп атап өтті Арман Жүнісов
Арманның бұл көрсеткіші – тек жеке жетістік қана емес, сонымен бірге Қазақстан Ұлттық ұланының жоғары дайындық деңгейін, әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігін халықаралық аренада тағы бір мәрте паш етті.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі