Ұлттық жоба қандай міндеттерді шешуге арналған?

Просмотров: 35

2021 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Осы 10 жобаның арасында «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы да бар. Ол халықтың қолайлы өмір сүру ортасын құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Тағы бір өзекті мәселе – экология саласы. Бұл – халықтың тұрмыс сапасына ықпал ететін өте маңызды сала. Бірақ біздегі ахуал ойдағыдай деп айтуға болмайды. Сауалнама кезінде азаматтарымыздың 48 пайызы ғана экологиялық жағдайға көңілдері толатындығын айтып отыр. Осыған орай, жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Бұл – жұртшылықтың талап-тілегін ескеріп, дайындалған және еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған құжат. Сондай-ақ кодекс озық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді», – деген-ді.
2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба 4 бағытты, 11 міндетті, 19 көрсеткішті, 48 іс-шараны қамтиды. Жасалған жоба бойынша, әрине мемлекет бюджетінен қаражат бөлінетіні анық. Мәселен, 2021 жылы аталған жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 89,3 млрд теңге қарастырылса, 2022 жылы «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іс-шараларын іске асыруға шамамен 161 млрд теңге жоспарланғанын еске сала кетейік. Нәтижесінде, 2021 жылы 16 көрсеткіш атмосфералық ауаға 655 мың тонна қалдық зат шығарылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда, 3 пайызға аз болса, ал 2022 жылдың өзінде жоспарланған жұмыстардың нәтижесінде шығарған қалдық заттар 293,2 мың тоннаға жеткен. Мұны да 2021 жылмен салыстырғанда, 6,7 пайызға кемігенін байқауға болады. Демек, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бойынша жасалған жұмыстар нәтиже беріп отырған деуге әбден болады.
Жуырда Мемлекет басшысы 2024 жылғы 10 маусымдағы Жарлығымен жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасына бірқатар өзгеріс енгізді. Құжатта жасыл экономикаға көшу – Тұрақты даму мақсаттарына жетудің негізгі жолы және Қазақстанның Париж келісімі аясындағы парниктік газдар шығарындыларын азайтуға қосқан үлесі деп жазылған. Біріншіден, құжатта суды үнемдейтін технологияларды кеңінен енгізіп, антропогенді факторларды азайту, экологиялық таза қуат көздерін арттыруға көмек көрсетеді деп айтылған. Әсіресе, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына мән беру керек. Бұл органикалық ауылшаруашылығын, тұрақты генфондының қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі. Бұл факторлар өнімділікті ғана емес, жобаның экологиялық тазалығын да арттырады. Өнеркәсіптік қалдық және қалдық суларды тазарту іс-шаралары жүргізіледі. Бұл салаларда үнемдеу жүрісі өндіру сапасын арттырып, бірінші орынға қою жоспарданды. Осылайша, аталмыш бағытты ілгерілету үшін сығымдалып жинау мен құрғақ әдістер тәсілі қолданылады. Қазақстанның барлық аймағы климаттық және антропогендік ортадан қалдық-қоқыстарды ластау және қалдықтарды жинау, қолдану жүйесін кеңінен енгізіп, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, қайта пайдалану деңгейін арттыру ұсынылады. Құжатта «жасыл экономиканың» жеке мақсаты болып тұрғаны заңды. Бұл бағытта қаржы институттары қоршаған ортаны жақсартуға, қалпына келтіруге көмектесетін жобаларды әзірлеуге, іске асыруға ынталандырады. Ынталандыру құралдарының «жасыл несиелер», «жасыл облигациялар» т.б. кіреді.
Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасына сай, жоспарланып отырған өзгерістердің арқасында жалпы көлеміне қарай еліміздің жылдық ЖІӨ бағасы өсетінін айтып отыр.
Тұжырымдама әзірлеушілердің айтуынша, 2024 жылдан 2050 жылға дейінгі мерзімде тұжырымдаманы жүзеге асыруға қажетті қосымша инвестицияның жиынтық көлемі жыл сайын орта есеппен алғанда, шамамен, 15 миллиард доллар болады. Осы орайда ең жоғары жылдық инвестиция көлемі 2041-2045 жылдар аралығында ЖІӨ-нің 6,2%-на тең болмақ. Ал 2050 жылға дейінгі орташа инвестиция көлемі ЖІӨ-нің шамамен 4,4%-ын құрайды. Оның негізгі бөлігін жеке инвесторлардың қаражаты есебінен тарту жоспарлануда.

Өз тілшімізден

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған