Ұлының хатын оқыған әке не жыларын, не күлерін білмей қалды

Әкесі ұлының бөлмесіне кіргенде жүрегі бір жамандықты сезгендей болды. Ұлының төсегі мұқият жиналып, заттарының бәрі орынды-орынына қойылған. Ерке баласының мұндай қылығын алғаш көрген әке ұлы үшін алаңдай бастады. Төсектің үстінде “Әкеме” деп жазылған хат жатыр екен. Есі шығып кетті, дірілдеген қолдарымен конвертті ашып оқи бастады. Артынша не істерін білмей дал болды.

«Қымбатты әке, бұл хатты саған жүрегім аурып отырып жаздым. Бұлай болғаны өте өкінішті. Мен өзімнің сүйген қызыммен бірге алыс жолға кетіп барамын. Анам екеуіңді ренжіткім келмеді. Бұл қыз маған тән құмарлығының қандай керемет болатынын көрсетті. Ол, өте сұлу. Әрине, сүйген қызымды сіздермен таныстырғым келген. Бірақ біздің қарым-қатынасымызға рұқсат бермейтіндіктеріңізді түсіндім. Өйткені оның денесінде суреттер салынып, кіндігіне сырға тағылған. Әрі аяғы ауыр. Біз бақытты боламыз. Бұған сенімдіміз.

Мен ғашық болған қыздың орманда үйі бар екен. Онда бізге бір қысқа жететін отан және азық-түлік бар. Болашақты көп балалы отбасы боламыз деп ойлаймын.

Осы қызға ғашық болғалы мен марихуананың анау айтқандай жаман нәрсе еместігіне көзім жетті. Біз оны бірге өсіреміз және оны кокайнге айырбастаймыз. Болашақта ғалымдар СПИД-ке қарсы дәрі ойлап тауып, мен ғашық болған қызды емдейді деп ойлаймын. Ол бұл ауруды жұқтырып алған. Өмірде әділдік орнап, емделіп кетеріне үмітім мол.

Әке, сен мен үшін алаңдама. Менің жасым он беске толды. Өз басымды алып жүре аламын. Біраз уақыт өткен соң сізге балаларымызды ерітіп, қонаққа келеміз. Сол күнді асыға күтемін. Қош болыңыздар..!

P.S. Әке, сен мұның бәрін оқып, мен үшін алаңдай бастаған боларсын! Бірақ менің бұл хатымда айтылғандардың бәрі өтірік. Мен досымның үйіндемін. Сен менің күнделігімдегі жаман бағаларды көріп, ренжіп едің ғой. Осы хатты оқып, өмірде күнделіктегі бағадан да жаман нәрселердің болатындығын көрсеткім келді. Ашуың басылған соң маған қоңырау шал, мен үйге ораламын…»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger