Мәжіліс депутаттары Сенаттың Бюджет кодексіне енгізілген түзетулерімен келісті
Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның хабарлауынша, 6 ақпанда Парламент Мәжілісі қабылдаған Бюджет кодексі мен оған ілеспе заң Сенаттан төменгі палатаға оралды.
Сенат 92 түзету енгізді, оның 70-і Бюджет кодексіне және 22-і ілеспе заңға.
«Түзетулердің 55-і редакциялық және нақтылаушы, 36-сы Қазақстанның жекелеген заңнамалық актілеріне сәйкестендіруді көздейтін және 1-і республикалық маңызы бар мәселелерді шешуге (су қоймаларын, каналдарды және гидротехникалық құрылыстарды дамытуға мемлекет кепілдігімен алынған несиелер бойынша шығыстарды субсидиялауға) қатысты», – деді Татьяна Савельева.
Ол Сенат енгізген түзетулер заңдардың тұжырымдамалық нормаларын өзгертпейтінін атап өтті.
Парламент Сенатының депутаттары Ұлттық қорды пайдалану мен бақылауға қатысты түзетулер енгізуді ұсынғаны бұдан бұрын хабарланған болатын.