Малайзия университетінде қазақ тілі курсы ашылады

Просмотров: 9

Малайзияда қазақ тілін оқытатын курыстар ашылады. Бұл туралы Малайзияда өткен Азия елдеріндегі қазақтардың тұңғыш құрылтайында айтылды, деп хабарлады  247media.kz«Отандастар қорына» сілтеме жасап.

Құрылтай барысында Малайзия университетінің Тілдер және лингвистика факультетінің деканы орынбасары, доктор Азлин Заити Зайнал университеті қабырғасында қазақ тілі курстарының ашылатыны туралы қуанышты жаңалықпен бөлісті. Бұл курс қазақ тілін шетелдік білім ордасында оқыту бойынша маңызды қадам болып табылады және Қазақстан мен Малайзия арасындағы мәдени байланысты нығайтуға үлес қосады.

Доктор Азлиннің айтуынша, курс Малайя университетінде қазақ тілін үйренуге ниет білдірген студенттер мен оқытушыларға арналған. Ол курстың даму жоспары туралы ақпарат беріп, қазақ тілінің грамматикасы, лексикасы және мәдениетпен тығыз байланысты аспектілерін қамтитынын айтты. Осы бастаманың арқасында қазақ тілі мен мәдениеті шетелдік студенттер арасында кеңінен танылып, екі ел арасындағы білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізеді.

Айта кетейік, 11-12 қараша аралығында «Отандастар қоры» КеАҚ, Малайзиядағы қазақ қауымдастығының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің қолдауымен Малайзияның Куала-Лумпур қаласында Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі қазақтардың тұңғыш құрылтайы өтті. Құрылтайға Малайзия, Корея, Сингапур елдерінен 100 ге жуық отандастарымыз қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған