Мария Николаевна: Жастар болашағы үшін қолдау
Теміртау қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы спорт мектебінің директоры Мария Николаевна Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына қатысты өз пікірін білдірді.
Оның айтуынша, жаңартылған Ата заңда білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жетілдіруге ерекше назар аударылған. «Бұл – заң үстемдігі басты қағидатқа айналатын әділетті қоғам құрудың берік негізі. Сапалы білім мен қолжетімді медицина – еліміздің тұрақты дамуының кепілі», – деді ол.
Мария Николаевна өзгерістердің жастар болашағына бағытталғаны аса маңызды екенін атап өтті. «Біз дені сау әрі білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Сондықтан референдумда жаңа Конституция жобасын қолдаймын», – деп түйіндеді спорт мектебінің басшысы.

