Мектеп ұжымымен Конституциялық өзгерістер талқыланды

Просмотров: 9

Қаламызда Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Бүгін қалалық коалиция мүшелері №21 жалпы білім беретін мектептің педагогикалық ұжымымен мазмұнды жүздесу өткізіп, Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер жобасын жан-жақты түсіндірді.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Ұстаздар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікірлерін еркін білдіруге мүмкіндік алды. Басқосу барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, олардың қоғам өміріне, соның ішінде білім саласына ықпалы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігін нығайту және қоғамдық жауапкершілік мәселелері қозғалды.

Білім беру саласының өкілдерімен мұндай кездесулер – түсіндіру жұмысының маңызды бөлігі. Себебі ұстаздар – жас ұрпақтың бойына құқықтық мәдениет пен азаматтық құндылықтарды сіңіретін негізгі тұлғалар. Осындай мазмұнды пікір алмасулар ортақ түсінік қалыптастырып, ел болашағына деген жауапкершілікті нығайтады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған