️Мемлекет басшысы: Мен сіздерге үміт артамын
Мемлекет басшысы:
– Біз Жаңа Конституцияда адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде бекіттік. Енді бәріміз бұл мақсатты міндетті түрде іске асыруымыз керек. Басқа жол жоқ. Бұл – өте күрделі міндет, оны түсінуіміз керек. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін ғылым қауымдастығы кәсіби біліктілік, адалдық және отаншылдық қасиеттерін танытуы қажет. Мен сіздерге үміт артамын.

