МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы С. Амангельдинова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметке жаңадан тағайындалған мамандар арасында семинар өткізді.
Оқыту семинары мамандардың біліктіліктерін арттыру, олардың құзыреттерін жетілдіруге арналды.
Семинарға жергілікті атқарушы органдардың әр түрлі салалары бойынша мамандары қатысты.