МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕБІ МЕН ҚҰҚЫҒЫ ЗАҢМЕН РЕТТЕЛЕДІ

Просмотров: 9

Әдептілік – мемлекеттік қызметтің басты ұстанымдарының бірі. Мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуында мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар, әдептілігі өте маңызды. Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің моральдық және әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады.

Олардың жұмысы, іс – әрекеті мен қызметтік әдебі үнемі бақылауда, халықтың назарында. Сол себепті, мемлекеттік органдарға қоғам тарапынан сенімді нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің    Әдеп кодексінің маңызы зор.

Мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекшелігі – мемлекеттік қызметшілердің әдептілігімен қатар, сыртқы келбетіне ерекше талап қойылады. Сондықтан да мемлекеттік қызметшілердің моральдық бет-бейнесі мен әдебіне сырт келбеті де сай болуы қажет.

Әдеп кодексімен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жүріс – тұрысына бақылау жасауда, алқалы органдар–Әдеп жөніндегі комиссия,Әдеп  жөніндегі кеңес, сондай-ақ, Әдеп  жөніндегі уәкілдердің еңбегі зор.

Аталған  алқалы органдар  және  Әдеп  жөніндегі уәкілдер    мемлекеттік қызметтік имиджін көтеруге бағытталған  шараларды атқарып, мемлекеттік  қызметшілердің әдепттілігін арттыруда өз үлесін  қосуда.

Мемлекетті өркендету, дамыту бағытындағы ең жауапты іс-мемлекеттік қызметшілерге жүктелетіні мәлім. Мемлекеттік қызметшіге неғұрлым осындай жоғары талап қойылса, оның құқықтарының қорғалуы және әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы да тиісті деңгейде болуы шарт. Сондықтан мемлекеттік қызмет саласындағы маңызды принциптердің бірі – ол мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған