Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары — басты назарда
Мемлекеттікқызмет — елдің тірегі, қоғамның айнасы. Халыққа сапалы қызмет көрсетіп, мемлекеттік бағдарламалардың уақытылы орындалуын қамтамасызетіп жүрген мамандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Сол себепті оларға қойылатын талап қатаң болса, құқықтарының сақталуы да сондай деңгейде болуы шарт.
Бұл бағытта Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Өңірде мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарының сақталуына тұрақты түрде мониторинг жасалып, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда жедел шаралар қабылданады.
Мәселен, өткен жылдың өзінде еңбек демалысын уақытында бермеу, іссапар шығындарын кешіктіру секілді жағдайлар орын алған. Департамент жүргізген талдау нәтижесінде 18 мемлекеттік қызметшінің құқығы бұзылғаны анықталды. Бұл жағдайлар, тиісті төлемдер толығымен өтелді.
Айта кету керек, 2023 жылдан бастап мемлекеттік органдардағы жұмыс уақыты режимін бақылау департаменттің құзыретіне берілді. Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 14 мекемеге барып жүргізілген тексеру барысында 6 қызметшінің үстеме жұмысқа тартылғаны белгілі болды. Нәтижесінде олардың құқығы қалпына келтіріліп, қосымша 42 сағат демалыс уақыты берілді. Бұдан бөлек, қашықтықтан бақылау кезінде тағы 36 мемлекеттік қызметшінің еңбек құқығы бұзылғаны анықталып, мәселе оң шешімін тапты.
Қызметшілердің жағдайын жеңілдететін тағы бір бастама — икемді жұмыскестесі. Бұл жүйе әсіресе отбасылық жағдайы бар қызметшілерге қолайлы және қызметшінің жеке өтініші негізінде жұмыс берушінің келісімімен жұмыс кестесін ыңғайлы уақытқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Бүгіндеоблысбойынша 36 қызметші осындай тәртіппен жұмысістеуде.
Сондай-ақ, тәртіптік істерді қарау барысында да департамент тарапынан қырағылық күшейген. 2024 жылы 12 мемлекеттік органның тәртіптік актісі заңбұзушылықтарға байланысты күшін жойған. Кінәлі тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылып, мемлекеттік қызметтіңбеделін түсірмеу бағытында шаралар қабылданған.
Мемлекеттік қызметшінің құқығын қорғау — оның жұмысына деген сенімді күшейтіп, қоғамдағы әділдік қағидатын орнықтырады. Қарағанды облысында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Өйткені әрбір азаматтың құқығы мен мүддесі — мемлекеттің басты құндылығы.
Ж. Сәрсен,
ҚР Мемлекеттік қызметістері
Агенттігінің Қарағанды облысы
бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп кеңесінің төрағасы