МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІС

Просмотров: 10

Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бахтияр Макеев, Мемлекеттік басқару Академиясында қайта даярлау курсында білім алып жүрген, мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды.

Дәріс барысында ол мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, заңнаманы дұрыс қолдану, сондай-ақ, қызмет көрсету сапасын көтеру мәселелеріне тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңа өзгерістер мен үрдістер туралы ақпарат беріп, қатысушыларды тәжірибелік мәселелермен таныстырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған