МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ӘДЕБІ

Просмотров: 8

Әдептілік  –   мемлекеттік      қызметтің басты  ұстанымдарының бірі. Мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуында мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар, әдептілігі    өте маңызды.

 

Мемлекеттік қызметшілердің  моральдық және  әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады. Олардың  жұмысы, іс – әрекеті мен қызметтік әдебі үнемі бақылауда, халықтың назарында.

Сол себепті, мемлекеттік органдарға қоғам тарапынан сенімді нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін  қалыптастыруға және мемлекеттік  қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған  Әдеп кодексінің адамгершілік тарапынан мемлекеттік қызметшілерге берер бағыт бағдары мол.

Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметші  барынша сыпайы, адал, сабырлы, ұқыпты, қарапайым болуы қажет, сондай-ақ, шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды таратпауға, өзінің іс – әрекетімен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға міндетті.

Еліне қызмет етуші маман өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметіне жұмсауға міндетті, Әдеп кодексінің талаптарын сақтап, тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу керек.

Айта кетейік,  Президенттің 2022 жылғы  22 ақпандағы Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің  Әдеп кодексі жаңа редакцияда бекітілді.

Жаңа редакцияда бекітілген  Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің менталитетін жаңаша қалыптастыруға зор үлес қосары сөзсіз.

Мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекшелігі – мемлекеттік қызметшілердің әдептілігімен қатар,  сыртқы келбетіне ерекше талап қойылады.  Сондықтан да мемлекеттік қызметшілердің моральдық  бет-бейнесі мен әдебіне  сырт келбеті де сай болуы қажет.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық – әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін  жағдайларға жол бермеуі тиіс.

Ал бұл талаптардың сақталуын қарайтын алқалы органдар –  Әдеп жөніндегі комиссия және   Әдеп жөніндегі кеңес болып табылады.

Аталған  органдар отырыстарында мемлекеттік қызмет заңнамасы мен Әдеп кодексін сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарын алдын алу, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары қаралып, тиісті шешімдер қабылданады.

Кеңес  бақылауымен қатар, мемлекеттік  қызметшілердің  қызметтік әдеп нормаларын сақтауында Әдеп жөніндегі уәкілдердің  қызметі зор.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуына, ұжымның моральдық-психологиялық жағдайына мониторинг жасау, артық жұмыс атқару  фактілерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілерді қатыстыра отырып, анонимдік сауалнамалар өткізіп, нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы мекемелердің басшыларына қажетті шаралар қабылдау жөнінде ұсынымдар жолдап, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады.

Бүгінгі таңда  мемлекеттік  қызметшілердің   қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қадағалайтын заңнама талаптары,  алқалы органдар, уәкілетті өкілдердің  үздіксіз профилактикалық  еңбегі арқасында мемлекеттік қызметшілердің тәртібі жоғарылады деп айтуға болады.

Айтылғанның айғағы – Әдеп  жөніндегі кеңес отырыстарында қарастырылатын тәртіптік істердің азаюы. Мәселен, 2024 жылы                              Әдеп  жөніндегі кеңестің  9  отырысында  48 мәселе қарастырылса, оның ішінде тек 19% не 9 тәртіптік істер, яғни қаралған мәселелердің профилактикалық үлесі 81%   құрап отыр.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметті  атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық – әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятындығын есте сақтауы қажет.

Себебі  қоғам,  мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің                 Отаны – Қазақстан Республикасына адал қызмет етеді деп сенеді.

Сондықтан,  «Мен мемлекеттік қызметшімін» деген кез келген азаматтың әрекеті, тәртібі мінсіз болуы  қажет.   Әрбір мемлекеттік қызметші  Әдеп кодексі,  мемлекеттік қызмет,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнама  талаптарын сақтап, мемлекеттік қызметті адал атқаруы керек.

 

 

ҚР Мемлекетті қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің

басшысы,

Әдеп кеңесінің төрағасы

Ж.Сәрсен

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған