МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ШЕКТЕУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы А. Вабищевич Ә.Бөкейхан ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
Шара барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалардың талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы әдептілік нормалары, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға (лудомания) қатысу бойынша шектеулер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет заңнамаларына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер таныстырылып,
шара соңында қатысушылар тарапынан қызметті атқару барысында туындайтын мәселелер бойынша сауалдар қойылып, заңнама аясында жауаптар берілді.