Өмірден түңіліп кеттім…

Өз өмірім жайлы айтқым келеді. Тіпті неден бастарымды білмей тұрмын. Жасым 25-те. Жоғарғы оқу орнын аяқтадым. Бірақ әлі күнге дейін жұмыссызбын. Бала кезден білуші едім жолымның ауыр екенін. Өмірде күткен, армандаған нәрселерімнің ешқайсысы орындалмады. Тіпті жеке өмірім де болған жоқ. Құрбыларымның барлығы тұрмыста, отбасылы. Күн сайынғы қиындықтан кейін «бәрі жақсы болады, өмірім алда, мықтымын, құласам да тұрып әрі қарай жүре беремін» деп мойымайтын едім. Тағдырыммен күресе — күресе шаршадым.


Бүгін өмірден қатты түңілдім, еріксіз көзімнен жас ағып жатыр. Сыр айтар, жанашыр жан жоқ. Менде ештеңе жок, ешкімім жоқ. Мұның бәрін көретіндей кімге не жаздым?! Қандай күнә жасадым екен, осындай жағдайға түсетіндей?! Ішім жек көрініш пен ашуға толы……»Егер өмірдегі жоспарларыңыз орындалмаса, қапа болмаңыз…. Алла Тағаланың одан артық жоспары бар» дейді ғой….. Алланың маған қатысты қандай жоспары бар екен, канша күтейін, шыдай алар емеспін, қатты шаршадым, сондай ауыр….

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger