Нағыз тірі масқара болдым

Менің басымнан сұмдық жағдай өтті. Бәріне өзімді кінәламағанда кімді кінәлаймын.Соны ойласам жүрегім ауырады.Күйеуім мені жарты жолда тастап кетті.Мен сені жақсы көрмеймін деп сырт айналғаны жаныма қатты батты.Енді ол ешқашан маған қайтып оралмайтынын білсем де,күнде күйеуімді ойлаймын. Қайтып қосылғанымызды қалаймын, бірақ ол қаламайды.

Анам маған ұрысады: өзіңнен бездіретіндей не көрінді дейді. Сол жайлы көп ойланам.Нағыз тірі масқара мен болдым. Көрінгенге көз түрткі болғанымша өлгенім артық емес пе?Бұндай масқарамен өмір сүргім келмейді.Күнде Аллаһтан өлім тілеймін. Екінші рет тұрмыс құрасын, не бопты елдің бәрі ажырасып жатыр деп қанша жұбатса да жүрегім сыздайды. Қауызы ашылып солған гүл кімге керек, кімге жақсын.Енді ешкімге керек емеспін. Бұл жағдай маған қатты ауыр тиді. Ажырасқан деген масқарадан өлмей құтыла алмасымды білдім.

Үлкен енем: «Байы қатын қылмаймын десе, мен қатын қыламын ба?» депті. Оныкі де жөн.Бірақ күйеуім анама :»Мен одан жақсысын табамын» деген сөзі батты. Соларды ойласам өксігімді баса алмаймын.Менен безетіндей, жұлынып қалған емеспін ғой,кейде артық кетіп аңдаусыз сөйлегенім болмаса,жанына бататын сөз айтқан емеспін.Пысық емеспін, мүмкін соным ұнамаған шығар, білмеймін, қай жерім ұнамай қалғанын .Шіркін, пайғамбардың мінезіндей мінез болсайшы! Дәл соны арман етемін. Бірақ, әттең сондай бола алмай-ақ қойдым. Өмірде бәрін өз қолымызбен жасаймыз, тек мен өмірімді құртып алғаным болмаса…

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger